Салық төлеу тәртібі түсіндірілді

321

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, 2020 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша «Шағын бизнес субъектілеріне арналған оңайлатылған декларация» 910.00 салық есептілігі нысанын ұсынуға қатысты келіп түскен сұрақтарына байланысты келесіні хабарлайды.

Салық есептілігі нысандарын өзектендіру жөніндегі жұмыстар уақтылы басталды, алайда Қазақстан Республикасында енгізілген ТЖ режиміне байланысты комитет ТЖ шеңберінде шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған жұмыстарды басым деп тапты. Атап айтқанда, ТЖ және карантин режимі кезеңінде 2019 жылға және 2020 жылдың бірінші тоқсанына (оның ішінде ай сайынғы есептілік) салық есептілігін ұсыну мерзімін және салықтарды және басқа да төлемдерді төлеу мерзімін ауыстыру жөніндегі Комитеттің ақпараттық жүйелері пысықталды. ⠀

Бұдан басқа, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануды тоқтата тұруға байланысты ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Бұл ретте, Комитет ҚР ҚМ 20.01.2020 жылғы №39 бұйрығына сәйкес салық есептілігі нысандарын өзектендіру бойынша жұмысты жалғастырды.

910.00 салықтық есептілік нысанын тестілеу барысында жеке тұлғалардың кірістері бойынша жаңа қосымшаны енгізуге байланысты талаптарды пысықтау қажеттілігі туындады. ⠀

Қазіргі уақытта пысықталған 910.00 нысаны қайта сыналды және Салық төлеушінің кабинетінде орналастырылды.


Айта кету керек, 2020 жылдың 1 және 2 шілдесінде 2020 жылдың бірінші жарты жылдығына 910.00 СЕН барлығы 5 салық төлеуші табыс етті, алайда, салық органының коды дұрыс көрсетілмегендіктен, есептеулер дербес шоттар бойынша таратылмаған.
5 салық төлеушінің әрқайсысына қатені түзету бойынша кеңес берілді. ⠀
Мемлекеттік кірістер комитеті уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және түсіністікпен қарауды сұрайды.