Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.
Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес осындай құрылымдық бөлімшеге тіркелген көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
бір шаруа немесе фермер қожалығына қозғалтқышының көлемі 2500 текше сантиметрге дейін қоса алғанда бір жеңіл автомобиль бойынша;
бір шаруа немесе фермер қожалығына жүк бөлігінен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүк платформасы және жүргізуші кабинасы бар бір жеңіл моторлы көлік құралы (пикап-автомобиль) бойынша;
бір шаруа немесе фермер қожалығына 1:1 арақатынасты сақтай отырып, қозғалтқышының шекті жиынтық қуаты егіндіктің (шабындықтардың, жайылымдардың) 1 000 гектарына 1 000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдері бойынша.
Бұл ретте, егер есеп-қисап қорытындылары бойынша көлік құралдарының саны бөлшекті мәні 0,5-тен бастап және одан жоғары бір бірліктен көп болса, мұндай мән тұтас бірліктерге дейін дөңгелектеуге жатады, егер 0,5-тен төмен болса, дөңгелектеуге жатпайды.
Егер есеп-қисап қорытындылары бойынша жүк автомобильдерінің саны бір бірліктен кем болса, қозғалтқышының қуаты барынша аз бір жүк автомобилі босатылуға жатады;
3) мемлекеттік мекемелер және орта білім беретін мемлекеттік оқу орындары;
4) мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері – қозғалтқышының көлемі 3 000 текше сантиметрден аспайтын бір жеңіл автокөлік және бір автобус бойынша;
5) Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған адамдар, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденiнің және «Отан» орденiнің иегерлері, «Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша;
6) меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектігі бар адамдар – салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша.
Салық салу объектілері
- Тiркемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасында тiркелген және (немесе) есепте тұрған көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.
- Мыналар салық салу объектiлерi болып табылмайды:
1) 40 тонна және одан жоғары жүк көтеретін карьерлiк автотүсіргіштер;
2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемелері;
4) мүлік салығын салу объектісі болып табылатын арнаулы автомобильдер.
Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі
- Заңды тұлғалар салықтық кезең үшін декларацияны ұсыну мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей салық төлеуді жүргізеді.
- Жеке тұлғалардың салық төлеуі тұрғылықты жері бойынша бюджетке есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей жүргізіледі.
- Көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салықтық кезең үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салықтық кезең үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
Салықтық кезең
1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл көлiк құралдары салығын есептеу үшін салықтық кезең болып табылады.
А.Дулатова,
Әл-Фараби ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
бас маманы







