Шымкент қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін уақытша өзгертті. Бұл шешімді Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қабылдады.
Осылайша, ХҚО азаматтарды дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 14.00-ге дейін қабылдайды. Сенбі, жексенбі — демалыс.
Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.
Осыған байланысты мемлекеттік қызметтерді алу үшін кезекті сағат 13.30-ға дейін брондау қажет. ХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз және медициналық маскалардың болуы талап етіледі.