Тіркелмеген қару: 600-ге жуық шаруа қожалықтарында тексеру жұмыстары жүргізілді

81

 

Түркістан облысында «Тіркелмеген атыс қаруын сатып алу» акциясы жалғасып жатыр. Заңсыз айналымдағы қаруларды сатып алу акциясы аясында шілде айының 1-9 күндері аралығында Түркістан облысы көлемінде тұрғындардың өз еріктерімен 199 қару Ішкі істер органдарына тапсырылған.

Оның ішінде ойық ұңғылы 27 қару, тегіс ұңғылы 172 қару, 8 шолақ мылтық және 231 дана патрондар алынған. Мәселен, Бәйдібек ауданының тұрғындары да акцияға белсенділікпен қатысуда. Шаян ауылының бір тұрғыны, Ағыбет ауылының екі тұрғыны ерікті түрде қаруларын полиция бөліміне тапсырды. Олардың үшеуіде тегіс ұңғылы қарулар.

Қазіргі уақытта мылтықтар сараптамаға жіберілді. Нәтижесінде азаматтарға ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады. Сонымен қатар, заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді анықтау мақсатында облыс көлемінде 600-ге жуық шаруа қожалықтарында тексеру жұмыстары жүргізілді.

Ескерте кететін жайт, қолындағы қару-жарақ заттарын тапсырғысы келген тұрғындар арнайы 8-778-991-66-66, 8-775-287-16-37 телефоны немесе «102» нөміріне онлайн-форматта хабарласуына болады. Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Мақпал РЫСБАЕВА