Төлеби ауданында астық ору науқаны басталды

516

Төлеби ауданының диқандары орақ науқанын бастап кетті. Кемеқалған ауылдық округіндегі «Қазығұрт» өндірістік кооперативі егіс алқабында өндірістік кооператив меншігіндегі 6 комбайн мен басқа да агро-техника тартылып, 30-ға жуық жұмысшылар жұмыс істеп жатыр.

Айта кететін жәйт, биыл өндірістік кооператив 800 гектар егінді алқапқа мақсары, 1500 гектарға бидай, 700 гектарға арпа еккен. Ағымдағы жылы, бидайдың гектарынан 21 центнерден, жалпы 29190 тонна, арпаның гектарынан 19 центнерден 13300 тонна өнім жинау күтілуде.

Былтыр  Түркістан облысында  823 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егілген болатын. 218 мың гектарға егілген астықтың әр гектарынан 21,2 центнерден өнім алынып, жалпы 462 мың тонна астық жиналған еді.

Шынар Оразова