Түркістан облысында онлайн құрбандық шалушылар тапсырыс жасай бастады

221

Түркістан облысында www.qurban2020.kz» сайты арқылы қазіргі таңда 17 құрбан шалушы тапсырыс жасаған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас имамы Мұсабек Ақтамберді мәлімдеді.

Айтуынша, онлайн құрбандық шалу азаматтардың қауіпсіздігі үшін маңызды. Құрбандық шалушыға бейне есеп те жіберіледі. Сондай-ақ, құрбандықты айт намазының уақыты өткен соң шала беруге болады.

Мұқтаж отбасылардың тізімдері мен өтініштері онлайн жүйесі арқылы тіркеледі. Осыған дейін 700-ден астам мұқтаж отбасы жүйеге өтініш жіберіп үлгерген.

Мақпал Рысбаева