Шілде айында 1 млн-ға жуық қазақстандық азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтарын алды. Азаматтардың шотына 5,4 млрд. теңге аударылды.
Бұл мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша төтенше жағдай режимі мен коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі карантиндік шаралар аясында қолға алынды.
Жәрдем атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және барлық топтағы кемтар жандарға тиесілі. Сондай-ақ, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар мен жұмыссыз азаматтар да қаржылай көмек ала алады. Президент пәрменімен қолға алынған қолдауға шымкенттіктер де қол жеткізген. Қалада 74 мыңға жуық адам қаржылай көмекпен қамтылыпты.
Ержан СЕРІКБАЕВ, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары: «Бұл көмекті мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар мен жұмыссыз азаматтар да қаржылай көмек ала алады. Наурыз-мамыр айларында екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде 996 млн. теңге бұл шілде айында жалғасты, 73 мыңнан астам азаматқа 410 млн. теңгенің көлеміндегі қаражат төленді. Барлық сұрақтар бойынша Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 77-11-03 тел. нөміріне хабарласуға болады».
Мақпал Рысбаева