Алексей Цой: «Қиын кезең артта қалды»

127

 

Қиын кезең артта қалды. Эпидемиологиялық ахуалды баяндаған Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой көптің көңілін демдеді. Айтуынша қазіргі уақытта жағдай тұрақталып келеді.

Елімізде жалпы наурыз айынан бері 92 262 адамнан індет анықталды. Оның ішінде 30 мыңға жуық адам емделуде. Өкінішке қарай, 1058 адам қайтыс болды. Министрдің айтуынша, қазір COVID-19 бен пневмонияға шалдыққан пациенттерге арналған елу екі мың төсек орын бар.

Алексей ЦОЙ баяндаған Денсаулық сақтау министрі: «Қиын кезең артта қалды десек артық айтқанымыз емес. Ең алдымен еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталайын. Қиын кезең артта қалды деп айтсақ артық болмас. Бүгін де коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайып келеді. Мысалы, бір тәулікте COVID-ке шалдығу деңгейі 1400 адамды құрап отыр. Ауруханаларда дәрі-дәрмек те жеткілікті».

Мақпал Рысбаева