Шымкентте биыл тұмауға қарсы вакцинациялау жұмыстары қыркүйектан басталады. Қалаға екпенің 180 мың пациетке жететін партиясы жеткізіле бастайды. Бұл туралы бүгін қаладағы эпид. ақуал баяндалған брифингте айтылды. Ақ халаттылар бұл жолы вакцинаны үйлерді аралап салуға дайын. Екпе алдымен кімдерге салынады?
Тұмауға қарсы вакцина жергілікті халықтың кем дегенде 10 пайызына салынуы тиіс. Бұл Денсаулық сақтау министрлігі міндеттеген меже. Осыны ескерген салаға жауаптылар 180 мың пациентке салынатын екпеге тапсырыс берген. Ең алдымен вакцина егде жастағыларға, жүкті әйелдерге, түрлі созылмалы аурулары бар науқастарға салынатын болады.
Ақ халаттылар үйде екпе салып қана қоймайды, дәрі-дәрмектер де жеткізіп береді. Емханалар жанынан құралған мобильді топтар осыған дейін 60 мың науқасқа тегін дәрілік заттар таратқан. Медицина мамандары қазір дәрілік заттардың 2 айлық қоры бар дейді. Бөлшектеп сататын дәріханаларында сұранысқа ие фармацевтикалық өнімдердің қоры жеткілікті деп сендірді.
Дәулет ШОРАБАЕВ, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы: «120 600 қорапта ыстықты түсіретін және 175 000 қорапта вирусқа қарсы препараттар бар. Сондай-ақ, 1 982 000 антибиотиктер, 24 860 қорапта антикогулянттар, 730 000 қорапта «С» виттамині бар».
Басқарма өкілдерінің сөзіне қарағанда шахарда эпидемиялогиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді. Бүгінде коронавиус инфкекциясының 5150 жағдайы тікелген. Осыған дейін 47 адам қауіпті індеттен ажал құшса, 4292 науқас айығып шыққан. Ал тамыздан бастап 475 науқас ковид белгісімен пневмонияға шалдығыпты.
Мақпал Рысбаева