Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) – тыныс алу жолдарының зақымдалуымен жүретін полиэтиологиялық аурулар тобы. 2024-2025 жылдың эпидемиологиялық кезеңінде мектеп оқушылары арасында ЖРВИ мен тұмаудан топтық аурушаңдық тіркелмеген. Эпидемиологиялық маусым 2025 жылдың 01-қазанынан 2026жылдың 30-сәуір аралығында жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиялық маусымы және эпидемиологиялық ахуалдың өршитін кезі. Тұмаудан эпидемиологиялық маусымда аурушаңдықтың алдын алу барысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен халықтың 12,6% жететін «Гриппол» вакцинасы (Ресей өндіруші) алынды. Ағымдағы мерзімде тұмауға қарсы егу ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық комитетінің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша 2025-2026 жылдардың эпидемиялық маусымында санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы»
22.08.2025ж. №6 қаулысының талабына сай осы жылдың 01-қазан айынан бастап бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерінде салынады. ЖРВИ/тұмау клиникасының көріністері ұқсас. Науқастың тыныс алу жолдарының зақымдануымен ауру белгілері өте жіті басталатын, жалпы әлсіздік, мұрынның бітуі, тамақтың қышуы, 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С жоғарылауы, бастың қатты ауыруы (ауруды басатын препараттарды қабылдағаннан күнде де), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, аяқта геморрагиялық бөртпелер пайда болатын жұқпалы ауру. ЖРВИ/тұмаудың асқынуы салдарынан вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Өте ауыр жағдайларда жиі өліммен аяқталады. ЖРВИ/тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы – тұмауға қарсы егу.
Тұмауға қарсы халықтың келесідей осал топтары егіледі:
— медицина қызметкерлері;
— медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар;
— ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен сәбилер үйлерінің балалары; — қарттар үйлерінің контингенттері;
— 2,3 триместрдегі жүкті әйелдер;
— эпидемиологиялық көрсетіліммен. Сонымен қатар, тұмауға қарсы егу егілушінің немесе оның заңды өкілінің жазбаша түрдегі ақпараттық келісіммен дені сау кезінде тегін жүргізіледі. Сонымен қатар, тұмау, ЖРВИ, ТҰА, АЖРИ-ды күнделікті және шолғыншы қадағалау шеңберінде және COVID-19-дың клиникалық белгілерімен медициналық ұйымдарға (МАСК, стационарлар) жүгінген пациенттер мен РҚТБ-ге АЖРИ-мен емдеуге жатқызылған пациенттерді тұмаудың және басқа да ЖРВИ-дың және COVID-19-дың вирустарына зертханалық тексерулер жүргізіледі. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!
Г.М.Онласынова,
Шымкент қаласы Абай ауданының
бас маманы







