Шымкентте «AR-shymkent» – виртуалды жобасы іске қосылады

202

 

 

Жобаның мақсаты — туризм саласын цифрландыра отырып, идеологиялық, ақпараттық-танымды дәстүрлі жарнамалық шығындарды азайту, заманауи технологияларды қолданудың кері байланыстағы рөлін насихаттау болып табылады.

AR-shymkent QR-кодының көмегімен туристер өз смартфондарына Шымкенттегі тарихи ескерткіштердің тарихы, жай-күйі туралы ақпарат ала алады. Яғни AR-shymkent аудио, видео, фотоақпараттарды интерактивті нысанда және 3D нысанда көруге мүмкіндік береді.

Қалалық цифрландыру басқармасы мамандарының айтуынша, жобада екі виртуалды ақпараттандырушы қызмет көрсетеді. Біріншісі — қаланың географиялық жағдайы туралы жол көрсетуші виртуалды гид болса, екіншісі — сол нысанның немесе тұлғаның (ескерткіштің) тарихын, я өмірбаянын айтатын видеобаяндамашы.

Қаладағы 103 қоғамдық орында QR-коды бар 830 арнайы белгі орнатылады. Атап айтқанда кинотеатрлар, сауда үйлері, саябақтар, автобустар, қонақ үйлер мен қоғамдық орындар таңдалған.

Қазіргі таңда жобаны іске қосушы компаниямен келісімшартқа сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр.