Шымкентте құрылысқа жұмысшылар қажет

121

 

Пандемия құрылысқа да кері әсерін тигізді. Шымкентте құрылыс нысандарында жұмысшылар тапшылығы байқалып отыр. Бұл туралы бүгін салада атқарылған жұмыстар баяндалған брифингте айтылды.

Билік өкілдері кадр жетіспеушілігін реттемесек, кейбір нысандар өндірістік кестеден кешіктірілуі мүмкін деп алаңдайды. Алайда, жоспарды дер кезінде еңсеру үшін мердігерлер бұл мәселені шешу үшін барын салуда дейді сала басшысы.

Ербол Ахметов, Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы: «Мердігер компаниялар интернет желілерінен жұмысшыларды іздестіруде. Жасыратын жоқ, жұмысшылар жоқ. Құрылысшылар, сылақшылар жетіспейді».

Айта өтейік, қазір қалада «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданы 1 млн. шаршы метр тұрғын үй салынуда. Жыл соңында дейін 450 көпбалалы отбасы, осыншама әлеуметтік осал топ өкілі, 300 жас баспаналы болады дейді жауаптылар. Ал тамыз айының соңына дейін «Шымкент сити» шағынауданында 160 пәтерлі 4 үй тапсырылады.

Мақпал РЫСБАЕВА