Медицина мамандары құрылысшыларды АИТВ инфекциясына жедел тестілеуден өткізді

127

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының  ұйымдастыруымен  АИТВ инфекциясына жедел тестілеу жұмыстары жүргізілді.

Медицина өкілдері қаладағы құрылыс алаңдарындағы  жұмысшыларды медициналық тексеруден  өткізіп, медициналық сақтандыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара аясында «БекСтройСервис» компаниясының жұмысшылары АИТВ инфекциясы бойынша  жедел тестілеуден өтті.

Сондай-ақ, қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары құрылысшыларға  АИТВ-инфекциясының алдын алу мен тікелей берілу жолдарына әсер етуші факторлар туралы түсіндірді.