Заңсыз қару сақтаған азамат ұсталды

142

 Шымкент қаласы Ғ.Ильяев көшесіндегі пәтерлердің бірінде жалға алып тұрып жатқан «А» есімді азамат заңсыз қару сақтағандығы анықталды.

Пәтерден 1 дана макаров тапаншасына ұқсас тапанша, оның
оқжатарында 8 оқ дәрі, сол жерден ақ түсті полиэтиленді пакетке оралған 2 дана оқ дәрі анықталып тәркіленіп алынды. Тәркіленіп алынған тапаншаға қазіргі таңда сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Ұсталған үш азаматтың біреуі күдікті ретінде танылып, бас шарасы «Күзетпен ұстау» таңдалды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігімен (Қаруды, оқдәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру
жүргізілуде.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі