Úı ANONS Заңсыз қайта жабдықталған көлік айыптұраққа қойылды

Заңсыз қайта жабдықталған көлік айыптұраққа қойылды

фото ТОПД
Түркістан облысы Сайрам ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кезекті рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда жылдамдықты шектен тыс асырмау, қауіпсіздік белдігін тағу және жол қозғалысы қағидаларын сақтау қажеттігі ескертілді.
Рейд нәтижесінде жалпы 450-ге жуық құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік шара көрілді.
Атап айтқанда көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзған – 74, жылдамдықты белгіленген мөлшерден асырған– 31, көлік құралын заңсыз қайта жабдықтаған 12,
Көлік құралын пайдалану талаптарын бұзған – 21, тиісті құжаттарсыз басқарған – 12 жайт тіркелді.
Мәселен Ақсукент ауылының көшелерінің бойында «ВАЗ-2107» маркалы автокөлік заңсыз қайта жабдықталғаны үшін тоқтатылды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданылып, айыптұрағына жеткізілді.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті екенін еске салып, мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын хабарлады.