Жетісайда КВИ-ге шалдыққан әйел сау баланы дүниеге алып келді

59

Жетісайда КВИ-мен ауыратын әйел сау баланы дүниеге алып келді

Бұл қуаныштың жағдай 14 тамыз күні болды. Бірақ дәрігерлер бұл туралы үш күннен кейін хабар берген.

Мақтаарал ауданының 1999 жылы дүниеге келген тұрғыны ауруханаға жатырынан су кетіп, ауруханаға жүгінген. Алайда әйелдің COVID-19 жұқтырған фактісі жағдайды қиындатыпты. Қуагыштысы, дәрігерлердің сауатты әрекеттерінің арқасында жүкті келіншек сау баланы босанды. Сәбидің салмағы – салмағы 3,2 кг.
«Бұл – жас келіншектің алғашқы нәрестесі. Ол алдын-ала есепке алынып, үй бақылауында болды. Баланың да, ананың да жағдайы қанағаттанарлық», – деді Жетісай аудандық аурухананың перзентхана бөлімінің меңгерушісі Айнагүл Әміреева.