2000-ға жуық әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды

121

Қоғамдық тәртіпті қадағалау, түрлі қылмыстардың алдын алу үшін тәртіп сақшылары тынбай еңбек етуде. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ерекше бөліміндегі тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыруға, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға байланысты Түркістан облысының полицейлері жүйелі жұмыс жүргізуде.

Әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік- профилактикалық іс-шаралар атқарылуда. Нәтижесі де жоғары. Соның ішінде Мақтаарал ауданының полицейлері 9 айда 2000-ға жуық әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтаған.

Нақтырақ айтсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бойынша 93, 132-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру» бойынша 5, ал 133-бабы «Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатуы» бойынша 1 жайтты анықтаған.

Одан бөлек 200-бап «ҚР заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша 13, 204-бап «Белгіленбеген орындарда сауда жасаумен» 104, 408-бап «Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу» 213, 434-бап «Ұсақ бұзақылықпен» 380 құқықбұзушылық тіркелген.

Сондай-ақ,  437-бап «Тыныштықты бұзу» 23, 440-бап «Алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» 274, 441-бап «Жекелеген қоғамдық орындарға темекі шегуге тыйым салуды бұзу» 457, 442-бап «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы» 5, 442-баптың 2-ші бөлігі «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы» 256, 449-бап « Қоғамдық орындарда тиісу» 73 дерек анықталып, тиісті әкімшілік шара көрілген. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан полицейлері тарапынан өз жалғасын табады.

Аталған қылмыстарды болдырмау, алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары түсіндірме жұмыстарын да жандандыруда.