5 гектар жерге егін егіп, мол табысқа жетті

120

Түлкібас ауданына қарасты Жаскешу ауылындағы «Ерсары» шаруа қожалығы жалпы 5 гектар жерге бірінші өнім ретінде ерте көктемде сарымсақ пен картоп еккен. Ағымдағы жылдың маусым айының орта тұсында өнім жинап алған ол 5 гектар жерді қайта өндеп, 2 гектарына – қияр, 3 гектарына ақ желкен егіпті. Қазіргі таңда еңбегінің жемісін көруде.
Атап айтар болсақ, бірінші егін сарымсақтан 20 тонна, ал картоптан 75 тонна өнім алыпты. Сарымсақтың келісін 550 теңгеден, картоптың келісін 110 теңгеден сатқан. Бүгінгі таңда өнімдерді Сайрам ауданы мен Түлкібас ауданының базарларына өткізіп, мол табысқа қол жеткізіп отыр.

Бүгінгі таңда қиярды егіс алқабынан 100-110 теңгеден, ал ақ желкеннің бір бумасын 100 теңгеден өткізуде. Шаруа қияр көкөнісінен 30 тоннаға дейін өнім жинауды жоспарлауда. Сондай-ақ, ол науқан кезінде 15 адамды уақытша жұмыспен қамтып отыр.

Жалпы аудан аумағында 155 шаруа қожалық көктем мезгілінде 266 гектар жерге бірінші өнімі ретінде көкөніс, бұршақ дақылдарын және картоп егіп, 610,2 тонна өнім алған. Бүгінгі таңда сол жерлерге еккен екінші өнімдерін жинауда.