А. Асқаров көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын бітеді

147

Шымкентте жол жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда. Алайда тұрғындар құрылыс барысында мердігерлер аялдамалардан қоғамдық көлікке отыру жағын да қарастырса дейді тұрғындар. Ал көлік жүргізушілері құрылысқа байланысты жабылатын көшелер жайлы хабарландыруды алдын ала жасаса деген өтініштерін жеткізді.

Шымкентте Абай мен Республика даңғылы аралығындағы Асанбай Асқаров көшесіндегі жолға асфальт төселуде. Маусымның ортасында бастауын алған орта жөндеу жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталған. Тақтайдай жолмен жүретін болдық деген жүргізуші мүмкіндікті пайдаланып, жолшыларға ұсынысын айтты.
Гафуржан Егимсапаров, қала тұрғыны: «Құрылыстың сапасы жаман емес. Жолдар жаңаланып жақсы болып қалды. Бірақ осы асфальт төсеуге не жолдың қабатын қыруға байланысты көше жабылатыны жайында ертерек БАҚ арқылы бізді хабардар етсе, бағытымызды жоспарлап уақытымызды үнемдейтін едік. Кеше Химфармда кептеліс, жол жабық үйге бір сағаттан астам уақытта жеттім».

Жаяу жүргіншілер мен веложол төсеу жұмыстары 80 пайызға орындалып, ирригациялық жүйелер толық аяқталған. Ені 14 пен 20 см құрайтын 1 шақырымнан астам жолдың құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлер А. Асқаров көшесіндегі мына аралықта бүгін жол жабылатыны жайлы қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасын алдын ала ескерткенбіз деп отыр.
«Хабарламаны телеарна газеттерге, интернетке барлық жерге берілді», дейді
мердігер мекеменің учаске бастығы Болат Қалыбеков

Қалалықтар сабырлық танытса, жобалық сметалық құны 264 млн теңгені құрайтын нысан мерзімінен бұрын қазан айында пайдалануға тапсырылмақ.
Шымкенттіктердің Республика даңғылындағы жолдың құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекемеге де айтары бар. Олар аялдамалардың алдындағы ирригациялық лотоктардан өтудің қауіпті екенін алға тартуда. Айжамал Рысбекова , қала тұрғыны:» Мына плиталар бір жерге орнатылған. Қатарынан автобустар келгенде секіру жүкті, балаларға біз сияқты зейнеткерлерге қиын. Үкіметтегілер назар аударса, қолайлы етіп жасаса».

Тұрғындардың өтініші ескеріледі деген мердігер мекеме өкілдері жол құрылысы аяқталмаған Республика даңғылы бойындағы аялдамалар жанындағы лотоктар бетон, темір тақталармен жабылады деп сендірді. Айта кететін жәйт, аталған мердігер мекеме Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі жолда орта жөндеу жұмыстарын бастады. Құрылысшылар қалалықтардың сын-ескертпелерін ескереді деген үмітеміз.

Шынар Оразова