«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының сарапшылары мемлекеттің тегін медициналық көмекті кепілдік берген көлемі (ТМККК) шеңберінде және МӘМС пакеті бойынша жеткізушілер көрсеткен қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде Қор филиалының медициналық сапасын мониторингтеу бөлімінің басшысы Галима Төреханаова мәлімет берген болатын.

Маусым-шілде айларының қорытындысы бойынша тұрғындарға медициналық көмек көрсету кезінде 18 жеткізушінің көрсеткен қызметі тексеріліп, нәтижесінде 1167 түрлі кемшілік анықталды. Жалпы, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 9, 6 млн теңгені құрады.

«Айта кетерлігі, ең алдымен Қор жеткізушілері тұрғындарға тиісті медициналық қызметтерді көрсетеді. Мұна соң, көрсетілген қызмет сапасына және көлеміне қарай Қор сарапшылары тарапынан мониторинг жүргізіледі. Көрсетілген қызмет барысында кемшіліктер анықталмаса, Қор ақысын төлейді. Ал, кемшіліктер анықталса тиісті ережелерге сәйкес айыппұл салынады», – деді, Галима Төреханаова.

Анықталған кемшіліктің ең көп саны жан басына шаққандағы нормативке кірмейтін, әрбір қызмет жеке төленетін консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетумен байланысты. Сарапшылар шілде айында пациенттер алған болып ақпараттық жүйелерге енгізілген.

Өңірлер арасында кемшілік фактілері Қостанай, Алматы облыстарында, Алматы қаласында жиі кездеседі, Павлодар, Жамбыл, Ақмола облыстарында кемшілік ең аз анықталған.

Медициналық сақтандыру қордың ұйымдастырған кері байланысы қоғамдық бақылауды, пациенттің құқығын қорғауға және медициналық ұйымдарды тәртіпке келтіруге септігін тигізіп жатыр. Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады.