Н.Нығматуллин: Үкімет сағаттары жаңартылған форматта өтеді

103

«Үкімет сағаттары» министрдің жалпы саладағы ахуал туралы емес, нақты бір мемлекеттік бағдарламаның орындалуы туралы есебімен жаңартылған форматта өткізілетін болады».

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин жалпы отырыста осылай деді. Мәжілістің жұмыс ауқымы Президент Жолдауын іске асыруға бағытталған. Комитеттердің кеңейтілген отырыстарында, экология, агроөнеркәсіптік кешен, ғылым, халыққа қызмет көрсетуді жетілдіру мәселелері қаралды. Бұдан былай Барлық іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады.

«Жиындарда ең алдымен, экономикалық-әлеуметтік маңызды сұрақтар талқыланатын болады. Әрине, іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу форматында өзгерістер болса да, ол жұмыс сапасына ешқандай әсер етпейді. Ол жағынан өткен сессиядан да тәжірибеміз бар»,– деді Мәжіліс Төрағасы.

Мақпал Рысбаева