Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алды гүлзарға айналды

169

Қаланың туристік әлеуетін арттырар басты тарихи нысандарының бірі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағын қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Аумақтағы атқарылып жатқан істер жоба бойынша жүзеге асып, кесене маңының көркін аша түсу мақсатында ерекше тұқымды гүлдер әкелінді.

Алматы қаласынан арнайы алдыртылған гүлдер айрықша күтімді талап етеді. Оның ішінде талғампаз өсімдіктер: пенисетум, шегір гүл, хошиісті қытайлық мискантус, сұр бетеге, тимьян қарапайым, карпат қоңырау, тар жапырақты лаванда, бізтәріздес флокстар, кавказдық арабис, түрік қалампыры, түрік қалампырының түкті қоспасы бар. Ерекше күлтелерімен көздің жауын алатын сан түрлі гүлдер арнайы осы мекенге отырғызғалы жатыр.