Түркістан облысы Сарыағаш ауданының халқы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмсықа белсенді орналасуда. Аталған бағадарлама ауыл тұрғындары үшін кәсібін бастап, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Айта кетейік, осы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» бағдарламасы аясында 6 жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Жылға» елдімекенінің көшелерінде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ауылда жарықтандыру бағаналар мен арық-атыздар қойылып, аяқ жолдар төселуде.
Сондай-ақ, Сарыағаш қаласы мен Қабланбек, Жібек жолы, Құркелес және Қызылжар ауылдық округтеріндегі жалпы 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған. Осы жұмыстарды атқару мақсатында 186 жаңа жұмыс орны ашылса, қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығы арқылы 93 азамат жұмысты болды. Айта кетейік, ауданда арнайы құрылған мобильдік топ елдімекендерді аралап, жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтарға елімізде іске асырылып жатқан жұмыспен қамту жол картасы жобасының бағыттары мен жұмыспен қамтылу мүмкіндіктері бойынша насихат жұмыстарын жүргізіп келеді.