Судың болмауы ауылдардың құлауына алып келеді

83

Одақ ыдырағаннан кейін Түркістан облысы Киелітас кентінің тұрғындары ағынды су көрген жоқ.

«Арықтағы ағынды судың өткізгіштігі өте әлсіз. Көктемде су болғанда, арықтардың іші толып,арнасынан су тасиды. Барлығы қамыспен толып кеткен.Одан су өтпей тұрып қалады, – дейді ауыл ақсақалы Асамбек Гүлшинов. – Пайдалануға бенрілген тиесілі құбырдағы су көзін арнайы техникамен ашуға тура келеді. Оған біздің қалтамыз көтере бермейді. Еккен егісіміз жемісті болсын деп суаруға ыңғайлы кішкене ғана жерге отырғыздық. Су жоқ, басқа не істейміз? 90-шы жылдардың басынан бері біздің арық екі рет қана тазартылды»
Бұл мәселемен басы қатқан ауыл тұрғындары көптеген жылдар бойы әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың табалдырығын тоздырды, бірақ мәселе шешілмеген күйінде қалды. Бүкіл уақыт бойы суарылатын жерлер пайдаланусыз қалып қойды. Диханшының айтуынша, бұл жер егістікке қолайсыз . және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі мен түрлерінің санына әсер ететіндігін алға тартады.
«Біз ауыл шаруашылығын дамытқымыз келеді, бірақ қазіргі уақытта мұндай мүмкіндік жоқ», – дейді «Киелітас» шаруа қожалығының төрағасы Д.Райымқұлов – бүгінде жастар жұмысының жоқтығынан өз ауылынан қалаға кетуге мәжбүр. Біз олардың осы жерде қалып, шаруа қожалығының дейгейін көтергенін қалаймыз. Бірақ су жоқ-бұл біздің басты проблемамыз. Көгалдандыру мен көкөніс өсіруді дамытқымыз келеді. Бұл үшін біздің жеріміз құнарлы».
Кеңес заманында кент Қарағанды облысын көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етті. Көкөністерді ауылдан аймаққа вагондап жіберілді. Соңғы жылдары ауыл тұрғындарына қарбалас кезеңді еске алып қана қояды.
Бірақ биылғы жылы олардың арманы орындала бастайды.