Түлкібас кентінде 15 көше жөнделуде

47

Түлкібас ауданына қарасты Түлкібас кентінің тұрғындары мен автокөлік жүргізушілері үшін қуанышты жаңалық. Биыл қараша айына дейін елдімекеннің 15 көшесі «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтпек. Соның бірі – Жамбыл атындағы көше. Күрделі жөндеуден өтіп жатқан көшенің жалпы ұзындығы 2,1 шақырымды құрайды. Нысанның құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқталмақ.

Жалпы алатын болсақ ауданда ұзындығы 67,88 шақырымды алатын 54 жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде: 19,3 шақырымдық 6 жолға күрделі жөндеу жұмыстары, 49 шақырым алатын 48 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда аталмыш жолдардың 8-і толық жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында аяқталып, пайдалануға берілмек.