Бір күнде 8 адам жол апатынан ажал құшты

300

Жол үстіндегі бұл қайғылы жағдай кеше күндізгі 11:00 шамасында орын алды. Жібек жолы көшесінде жүйткіп келе жатқан Тойота көлігі ауыр жүк машинасына соғысқан. Кесірінен жеңіл көлікте отырған жасқа толмаған сәби қайтыс болды. Ал, ондағы үш ересек адамның бірі ауруханада жан тапсырды. Қалған екі жолаушы қазіргі таңда ауруханада жатыр.

Аймақта орын алған жантүршігерлік жағдай мұнымен бітпейді. Осыдан кейін тап осындай қайғылы оқиға Түркістан облысында тіркелді. Арыс Шымкент тас жолында кешкі 16:00 шамасында Ваз және Мазда машиналары соғысқан. Жауаптылар алғашында жол апатынан 3 адам қайтыс болды десе, кейін олардың саны көбейді. Апаттан ажал құшқандар саны 6-ға жеткен.

Бақытжан Мырзагелдиев, Ордабасы аудандық ауруханасының бас дәрігері: «Оқиға орнынан бізге тек үш зардап шегуші жеткізілді. Біреуінің биологиялық өлімі болды. Екі адам Зардап Шекті.1980 ж.т. 1960 ж. т. әр түрлі бас жарақаттары мен сынықтары бар реанимация бөліміне орналастырылды. Біреуі операция жасады. Бауыр мен көкбауырдың жарылуы болды. Екеуінің жағдайы тұрақты ауыр. Пациенттердің бірінде қабырға сүйектерінің бірнеше сынуы бар. Екіншісінде-аяқтың сынуы. Шок күйінен шығарылғаннан кейін травмотология бөлімшесіне ауыстырамыз».

Ал, Түркістан облысы полиция департаментіндегілер оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын айтады. Аталған жайт «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша тіркелген.

Жібек жолы тас жолындағы жол апаты жайлы шымкенттік полиция департаменті ақпараттың әлі де анықталып жатқанын айтады.

Назерке Үкібасова