Жаңа оқу жылы басталғанымен кей мектептерде жөндеу жұмыстары бітпеген

417

Шымкенттегі №4 мектептің «А» ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылмаған.

Бірақ мердігерлер мұнда ғимараттың сыртқы қасбетін жаңалады. Бұл блокта әзірге бірінші және екінші сыныптың оқушылары дәріс алуда. Қалғандарының қашықтан білім алып жатқаны құрылысшылар үшін жақсы болды. Өйткені мектептегі екі оқу ғимараттарында күрделі құрылыс жұмыстары әлі аяқталмаған.

Дамира МАНКЕЕВА, Шымкент қаласындағы №4 жалпы орта мектептің директоры: «Үлгермеді. 20 тамызда аяқтауы тиіс болатын. Күрделі жөндеу болған соң  жертөледен бастап шатырға дейін барлығын ауыстырды. Мердігер компания енді 10 қыркүйекте аяқтаймыз деп отыр».

Білім ордасының бірінші қабатындағы спорт залында жұмысшылар сылақ және әрлеу жұмыстарын жүргізуде. Содан кейін терезелер мен еденді жуу, жалпы тазалауға кіріседі. Жұмысты осы аптада бітіруге тырысамыз деп сендіріген мердігер мекеме өкілдері қазіргі таңда құрылыс басында жұмысшылар үш ауысыммен жұмыс жасауда.

Бақтияр ӘШІРБАЕВ, мердігер мекеменің учаске бастығы: «Коронавирус індетіне   байланысты енгізілген карантиндік шараларға қатысты жұмысшылар жұмысқа келе алмай күрделіктер болды. Бірі ауырса, екіншілері  қаланың іргесінде  орнатылған блокбекеттерден өте алмады. Мұндай жағдай тек қалада емес, әлемде орын алды. Біз барлық күшімізді салып, нысанды 10 қыркүйекте тапсырамыз».

№ 36 мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер құрылысты 10-шы қыркүйекте бітіреміз деп уәде беруде. Нысан апатты болғандықта, сейсмикалық нығайту жұмыстары бірге жүргізілген. Жобалық-сметалық құжат бойынша жұмыс жаңа оқу жылына аяқталуы тиіс болатын. Алайда мұнда да короновирус індетінің салдарынан құрылысшылар кестеден ауытқыпты. Шекараның жабылуы қосымша жұмыс күшінің тапшылығына әкеп соғыпты.
Қайткенмен де, биыл құрылысшылардың жолы болды деуге болады. Себебі, әзірге мектеп қабырғасында тек кезекші сыныптың оқушылары сабақ өтуде. Олар үшін бірнеше сынып бөлмесі жеткілікті. Ал қалған оқушылар қашықтан дәріс алуда.

Шынар Оразова