Әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлады деп айыпталған Абылай Балғынбай 10 жылға сотталды.

191

Бүгін 10/216 әскери бөлімінен қару ұрлады деп айыпталған кіші сержантқа сот үкімі шықты. Абылай Балғынбай 10 жылға бас бостандығынан айрылды.

Бұдан бөлек ,сот үкімі онымен сыбайлас болды деген өзге де айыпталушыларға шықты. Олардың екеуі енді алағы 8 жылын темір торда өткізеді. Тағы бірі 5 жылға, үшеуі үш жылға сотталды. Айыпты деп танылған сегізінші азамат сот залынан босатылды.

Екінші курс студенті Бекжан Санжар мемлекетке 500 АЕК яғни, 1 млн. теңге беретін болды. Бірақ, қылмыстық істің бас фигуранты деп танылған Абылай Балғынбай аталған жазамен келіспейді.

Еске сала кетейік, ол бұған дейін ұрлыққа командирінің бұйрығымен барғанын айтқан еді.

            Назерке Үкібасова