Азиат нәсілді белгісіз азаматшаның мәйіті табылды

84

2020 жылдың 19 қазанында сағат 12:20-да «102» сымтетігіне Шымкент қаласы, 18 мөлтек ауданындағы пәтерлердің бірінде азиат нәсілді белгісіз азаматшаның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Тексеру барысында аталған мәйіттің жеке басы анықталды. Ол 2000 жылы туылған Түркістан облысының тұрғыны екендігі анықталды. Мәйітті қарау барысында мойын тұсында қылғындыру белгілері анықталып, сот-дәрігерлік сараптамасының қорытындысымен қылқындырудың нәтижесінде қайтыс болғаны белгілі болды.

Осы жайт бойынша сол күні ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жедел іздестіру іс-шараларының барысында ізін суытпай, күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ол 1997 жылы туылған Түркістан облысының тұрғыны. Қазіргі таңға, күдіктіге бұлтартпау шарасы қолданылды.