Жыл сайын 9 қазан – Дүниежүзілік пошта күні өтеді. Тап сол күні қалалық бас пошта ғимаратының жанында Газетке жазылушылар күні өтетін. Биыл карантин жарияланып, бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынуына байланысты дәстүрлі жиыннан бас тартып, басқаша форматта ұйымдастырды. Осылайша медиахолдингіміздің редакциясында бір ай бойына күн сайын «Жазылушылар күнін өткіземіз», деп шештік.
Осылайша бұрыннан Ontustik Rabat және «РАБАТ» газеттеріне тұрақты жазылатын, жаңадан жазылған жазылушыларымызға демеушілеріміздің көмегімен азын-аулақ сый жасадық.
Сонымен, 9 қазаннан — 9 қарашаға дейін сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Шымкент қ., Н. Төреқұлов көш., 15 үй мекенжайында орналасқан «Отырар TV» медиахолдингінің редакциясына келіп, газеттерімізге жазылсаңыз, сыйлық аласыз.
Келіңіз, күтеміз!
Сыйлықтарды жазылым кампаниясының демеушілері дайындаған.
Сыйлықтар ішінде:
1. «Ладушки» кондитер желісінің тәттілері @ladushki.kz
2. «Оско» шұжықтары @too.osko
3. «Зерде Фито» емдік шайлары @zerdefito
4. Aisholpan дүкенінің кілемдері @aisholpan_kilem_alemi заттары бар.
Сондай-ақ, қаламыздың озық клиникалары:
1. Флебология және лазерлі медицина клиникасы,
2. Citymed буын және омыртқа саулығы клиникасы,
3. Gasrtomed клиникасы,
4. Денсаулық және оңалту клиникасының білікті дәрігерлеріне қаралуға сертификаттар береді
9 қазанда редакциямызда өткен Жазылушылар күнінде алғаш боп келіп, газеттерімізге жазылған оқырмандарымыз – Күлімша Қабылбекова мен Нұрсейіт Ибрагимов болды. Екеуі де газеттерге ондаған жылдан бері үзбей жазылады.
Нұрсейіт Ибрагимов ағамыздың мамандығы – суретші. Оның дарыны жарты ғасырдан астам уақыт Шымкент қаласы ішкі істер органдарының жұмысымен тығыз байланысты болған. Тәртіп сақшылары қандай да бір күдіктінің фотороботын жасау керек болса, Нұрсейіт Ибрагимовке жүгінген.
Ол қаншама рет күдіктінің келбетін айнытпай салып, қаншама заң бұзушының ұсталуына жәрдем еткен.
82 жастағы Нұрсейіт аға Ontustik Rabat және «РАБАТ» газеттеріне тұрақты жазылады.
81 жастағы Күлімша Қабылбекова апамыз 40 жылдай медицина саласында еңбек еткен. Зейнет жасындағы апамыз Ontustik Rabat газетіне 2010 жылдан бері, яғни газет негізі қаланған сәттен жазылады.
«Жаңалықтарды жібермей оқимын. Анық жазыңдар. Жасырмай жазыңдар. Халықпен бірге болыңдар» деген Күлімша апамыз редакция ұжымына ақ тілегін айтты.
Жазылу компаниясының демеушілері хақында аз-кем айтып өтелік. Барлығы да осы Шымкент қаласының тауар өндірушілері, қызмет ұсынушылары. Сапалы да таңдамалы өнім шығарады. Тұтынушыларының сеніміне ие қызмет ұсынады.
«Ладушки» кондитер желісінің тәтті күлшелерінің дәмін әрбір шымкенттік татса керек. Тәтті құм күлшелерінің дәмі тіл үйіреді. Аузыңызда еритін күлшелері ғажайып-ақ. Кез келген дастархан сәнін келтіреді. «Ладушки» күлшелерін сатып алсаңыз, уақыт үнемдейсіз, қайталанбас дәм татасыз. Олардың: «Біз тағам сатпаймыз, біз уақыт пен рахат күй сатамыз!» деген ұраны да мұны айғақтай түседі.
«Оско» сауда белгісінің дәмді шұжықтары нарығымызда өз орнын алған. Бұл сауда белгісінің ет өнімдері сұранысқа ие. Көпшілік біледі, еліміздің түкпір-түкпіріндегі тұрғындар жақсы көреді. Өнім түрлерін үнемі жаңартып отырады. Бір дәм татсаңыз, ешқашан ұмытпайсыз.
«Aisholpan» дүкені кілем бұйымдарын сатады. Күн суытқанда сапалы кілем үйіңізге жылу сыйлайды. Иран, Түркия, Бельгияда тоқылған жүн, жібек кілемдер де, отандық өндірушілердің кілемі де бар. «Aisholpan» дүкенінен тиімді бағада ең берік кілемдер табасыз.
«Зерде-Фито» ЖШС – Орталық Азия аймағындағы ірі компания. Бүгінде емдік шөп шайларын шығару жөнінен отандық өндірушілер арасында көш бастайды. Нарықтың 80% үлесіне ие. «Зерде-Фито» ЖШС өз тұтынушыларына табиғатпен үндесе өмір сүріп, денсаулығыңызды нығайтуға көмектеседі. ЗЕРДЕ фитоөнімдері әрбір адамға белсенді, ұзақ та бақытты өмір қалпын сақтауына сеп болады.
Қаламыздың озық клиникалары жазылушыларымызға дәрігерге қаралу сертификатын сыйлады.
Флебология және лазерлі медицина клиникасында тамырдың варикозды кеңеюін, емдейді. Проктология және гинекология отасын жасайды. Қазақстанда баламасы жоқ жаңа құрал-жабдықтар ауыртпай, кеспей, тілмей, амбулаторлық түрде ем жасауға мүмкіндік береді. Бір сеанстан-ақ геморрой, трофикалық жаралар және кез келген сатыдағы варикозды емдейді.
«CITYMED» – Түркістан обласындағы травмотология -тірек қимыл, спорттың медицина және оңалту саласындағы медициналық орталық. Әбдіғани Құдайбергенов, Марат Құдайбергенов сынды дәрігерлер, невропатолог-психотерапевт, ересектер кардиологы, гинеколог қабылдайды.
Цифрлы рентгенография, УДЗ ұсынады. Электрофорез, парафин, магнитті терапия, отадан кейін оңалту жүргізіледі.
«GastroMed» медициналық орталығына 1 жыл толды. Ашылғалы бері төрт мыңнан астам адамды емдеді. Мыңдаған консультация беріп, жүздеген УДЗ және тағы басқа зерттеулер жүргізді. Ең бастысы – 4 мыңнан астам науқастан алғыс естіді.
«Денсаулық және оңалту» медицина орталығы инсульт, жүйке аурулары, Паркинсон ауруы, протрузия мен омыртқааралық диск жарығын басынан өткерген науқастарды емдеп, оңалтады.
Жаңа үлгідегі УДЗ-құрылғыда диагностика жасалады. Процедура, массаж, ЛФК кабинеттері, жылытылатын бассейн, тәулік бойы қызмет көрсететін стационар бар.
Қадірлі оқырман! Газетке жазылу басталды және жалғасып жатыр. Сізді редакциямызда күтеміз. Ontustik Rabat және «РАБАТ» газеттеріне жазылыңыз! Өкінбейсіз!