Министр мектептердегі әжетхана туралы мәлімдеме жасады

178

«Ұсақ мәселе емес». Білім және Ғылым министрі мектептегі дәретхана туралы осылай деді. Тараз қаласында орын алған жайсыз оқиғаны еске салған сала басшысы биыл 2 жарым мыңға жуық мектепте жылы дәретханалар салынғанын жеткізді.

Министр «білім басқармаларының басшылары осыны басты бақылауға алуы керек» деді. Министрлік өкілдері Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында мектептерге жылы дәретхана салу мәселесі әлі тежеліп отырғанын айтқан болатын.

Айта кетейік, елімізде дәретханасы аулада орналасқан 245 мектеп қалып отыр. Дәретхана аулада орналасқан осынша білім ошағында жынысына байланысты бөлу, аралық қабырға орнату сынды проблемалар бар. Олардың ішінде 195 білім беру ұйымы жылы дәретхана орнату жұмыстарын жүргізілуде. Қалған 50 мектепке қатысты мәселе шешіліп жатыр дейді салаға жауаптылар.

Мақпал РЫСБАЕВА