Мобильді топ карантин талаптарының сақталуын қатаң қадағалауда

167

 

Келес АПБ қызметкерлері, аудан әкімдігі мен аудандық тауарлармен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерімен бірге ауданды аралап, рейдтік шараларды атқаруда. Олар Келес ауданы көлемінде карантин талаптарының орындалуын жаппай қадағалап, кешенді тексеру жұмыстарын жалғастырып келеді.

Нәтижесінде карантин талабын сақтамаған бірнеше жергілікті тұрғындарды анықтады. Заң бұзғандарға айыппұлдар салып, карантин талаптарын қатаң түрде сақтау керектігін ескертті.

Сонымен қатар, мобильді топ өкілдері, Келес ауданы орталығының Абай ауылындағы тойханалар мен мейрамханаларды тексеріп, нысан иелерімен кездесіп, той-жиын өткізбеу және азаматтардың жиналуына жол бермеу керектігін түсіндіріп, карантин талаптары бұзылган жағдайда заңды шара көрілетіні туралы айтты.

Сондықтан әрбіріміз денсаулығымызға немқұрайлы қарамайық. Жақынымызға жанашыр болайық.Ел қамын ойлайтын азаматтарымыз, ұлттың амандығы үшін күндіз-түні тынбай еңбек етуде. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақыттада өз жалғасын таппақ. Сондықтан бетперделік режим мен арақашықтықты сақтаңыздар!