Пойыздар 10 сағат тоқтап тұрды

121

Шымкент қаласының теміржол станциясындағы қолайсыздықты ретке келтіруге арнайы үш апаттық пойыздар жұмылдырылды. Төтеншеліктер апат орын алған аумақты жөндеу жұмыстарын қадағалап жатыр.

Қазір қалпына келтіру жұмыстарына 200 -ден астам жұмысшы жұмылдырылды. Бұл қолайсыздық 10 жолаушылар, 7 жүк көлігін 10 сағат бойына тоқтатып қойды дейді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерғали Бақаев.

Осы оқиға салдарынанан жолда қалған жолаушыларды діттеген жерлеріне жеткізу үшін әкімдік тарапынан арнайы көліктер ұйымдастырылып отыр дейді.

Еске сала кетейік, 24 қазан күні түнде 13 вагон жолдан шығып, аударылып кеткен болатын.

Мақпал Рысбаева