ҚР Еңбек сіңірген бапкер Мырзағали Айтжанов – 50 жаста

307

Әлемнің екі дүркін үздік бапкері атанған Мырзағали Айтжановқа шәкірттері тұлпар мінгізді. Біржан Жақыпов бастаған былғары қолғап шеберлері еңбегі сіңірген бапкерді туған күнімен құттықтады.

Айта кетейік, бокстан еліміздің Ұлттық құрамасын олимпиадаға 3 рет бастап барған жаттықтырушы 50-ге толып отыр. Ал, оған алғасын айтуға әлем чемпионы, олимпиада жүлдегері атанған шәкірттері келді.

Мырзағали Айтжанов бүгінде бокстан Түркістан облысының бас бапкері. Ал, оның қол астында бокстың жаңа жұлдызы жаттығып жүр. 20 жастан енді асқан Сәкен Бибосынов алдағы олимпиадаға жолдама да алып үлгерді. «Жуырда ғана ұлттық құраманың жаттуғынан келдім» деген былғары қолғап шебері енді республика біріншілігіне дайындалып жүргенін айтады.

                                                                                                  Назерке Үкібасова