ҚР Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңға қол қойды

74

Ел Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтынан мәлім болды.

Заңда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгіленген. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салынған.

Заңда туыстардың бір ұйымдағы бірлескен жұмысының жеке мәселелерін реттеуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабардар етуге бағытталған нормалар да көзделген.

Мақпал Рысбаева