Шымкентте 13 вагон аударылды

130

Шымкент қаласының теміржол станциясында 13 вагон жолдан шығып кетіп, аударылды. Оқыс оқиға күні кеше сағат 02:31-де Шымкент қаласының теміржол станциясында болған.

№117 бағытындағы 13 вагон жолдан шығып кетіп, аударылды. Төтеншеліктердің айтуына қарағанда, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жылжымалы құрамға 21 вагон тіркелген, барлығы бос болған.

Жайсыз оқиға басқа пойыздардың қозғалысын тоқтатты. Қазір 5 жолаушы және 10 жүк пойызы тоқтап тұр. Арнайы жұмыс тобы ақау орын алған аумақты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Оқиғаның себептері анықталуда.

Мақпал РЫСБАЕВА