Ал төтеншеліктер жылыту маусымы қарсаңында улану деректерінің артып отырғанын жоққа шығарды. Бүгін төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте құзырлылар газбен улану деректерінің статистикасының қалай жасалатынын түсіндірді.

Айтуларынша, олар тек пештен шыққан ыстан уланған тұрғындарды ғана есепке алады екен. Сол есеп бойынша қалада қыркүйектен бері бірде-бір оқыс оқиға болмаған. Орын алған оқиғалардың барлығы да көпқабатты тұрғын үйлерде орнатылған сапасыз газ колонкаларынан болған.

Мадияр ЖАҚСЫБАЕВ, Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары: «Газ колонкалары дұрыс орнатылмаған. Гофралар да дұрыс жасалмағандықтан осындай оқиғалар орын алып отыр. Тұрғындардан сұрайтынымыз, жылыту маусымына дайындық жасағанда арайын мамандардың көмегіне жүгінуді сұраймыз».

Мақпал Рысбаева