Úı ANONS Шымкентте пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді

Шымкентте пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді

 

Шымкентте пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді. Еске сала кетейік, 24 қазан күні түнде 14 вагон жолдан шығып, аударылып кеткен болатын. Салдарынан 7 жолаушылар пойызының қозғалысы кешіктірілді.

Шымкент станциясында Ақтөбе — Алматы №34 жолаушылар пойызы 9 сағатқа, Қызылорда-Петропавл №76 пойызы -7 сағатқа кешікті. Қорғасын станциясында – Қызылорда-Көкшетау № 56 жолаушылар пойызы 5 сағатқа кешікті. Ал Қызылсай станциясында Алматы-Ақтөбе №23 жолаушылар пойызы 8 сағатқа кешікті. Манкент-2 станциясында Алматы — Шымкент №11 жолаушылар пойызы 5 сағатқа, Нұр-сұлтан-Сарыағаш №85 пойызы 1,5 сағатқа кешікті.

Састөбе станциясында Алматы-Ақтөбе № 33 жолаушылар пойызы 1 сағатқа кешікті. Қозғалысы кешіктірілген пойыздарда 1393 жолаушы болған. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар Шымкент қаласына жолаушыларды тасымалдау үшін 5 шағын автобус пен 2 автобус ұйымдастырды.

Мақпал РЫСБАЕВА