Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасы негізінде Шымкент қаласы бойынша департаменті (әрі қарай – Департамент) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы (әрі қарай – Филиал) базасында жергілікті атқарушы органдардың атап айтқанда Шымкент қаласының төрт аудан әкімдігінің және басқармалардың басшылықтарына онлайн форматта дәрістер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырылды.
Дәріс, мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдары талаптарының сақталу мәселелеріне және мемлекеттік қызметте моральдық-әдептілік құндылықтарды, сөйлеу мәнерін, көпшілік алдында өзін-өзі ұстау мәдениетін насихаттауға бағытталған.
Іс-шарада, Департамент басшысы А.Көмекбаев, Қоғамдық кеңес төрағасы Н.Бұхарбай, Филиал доценті, саяси ғылымдарының кандидаты С.Рысбаева және Филиалдың аға оқытушысы А.Ахметова дәріс пен шеберлік сабақтарын оқыды.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғаммен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметінде, сонымен қатар халықпен кездесу барысында өзін-өзі ұстау мен көпшілік алдында сөйлеу кезінде сынға ұшырау тәуекелдері де болады.
Спикерлер, мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен қарым-қатынасындағы әдептілiгі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы болуы, арыз шағымдарды қарау барысындағы заңнамалар талаптарының сақталуын бақылауды күшейту, қоғаммен кері байланыс орнату, басшылардың жауапкершіліктері және тағы басқа да мәселелерге тоқталып өтті.
Атап айтқанда, Департамент басшысы А.Көмекбаев Департаментке келіп түскен азаматтардың шағымдары бойынша әзірленген талдаудың нәтижелерін баяндап, шағымдардың басым бөлігі мемлекеттік орган жұмысының сапасына, мемлекеттік қызметшілердің дөрекілік танытуы мен өзіне жүктелген міндеттерді өз дәрежесінде атқармауына қатысты сын айту мәселелері қамтылғанын ерекше атап өтті.
Сонымен бірге, БАҚ-да барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өткен оқиғаларға, мемлекеттік қызметшілердің жағымсыз жағынан аталуы және сынға алынған жарияланымдарға қатысты Департаментпен тұрақты түрде жүргізілетін мониторинг жұмыстарының нәтижелеріне жеке-жеке тоқталып өтіп, сыни материалдар мен мекеме басшылығына мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларының сақталуына бақылауды күшейтуді, халықпен жұмыс жүргізу тиімділігін арттыру қажеттілігін және мағыналас бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуіне баса назар аудару тиістігін баяндады.
Іс-шарада Қоғамдық кеңес төрағасы Н.Бұхарбай мемлекеттік органдардың тарапынан халықпен кері байланыс орнату маңыздылығын атап өтіп, БАҚ арқылы және әлеуметтік желі пайдаланушыларына орын алған жағдай бойынша дер кезінде тиісті шаралар қабылдай отырып, халықпен кері байланысты орнатуды арттыру мақсатында негізді, шынайы, сенімді, сапалы әрі жан-жақты қамтылған ақпарат беруге бағытталған жұмыстар атқаруды ұсынды.
Спикерлер С.Рысбаева және А.Ахметова тыңдаушыларға халықпен өзара қарым-қатынас мәдениеті, мінез-құлық психологиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамыту мәселелері жөнінде дәріс пен шеберлік сабағын өткізді.
Сонымен бірге, алдағы уақытта, аталған іс-шараларды қаланың аумақтық департаменттерінің басшылығымен жүргізу жоспарлануда.