Төтеншеліктер жариялаған байқаудың жеңімпаздары марапатталды

262

Жеңімпаздар есімі белгілі болды. Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаметі осыдан бір ай бұрын өздерінің қызметі жөнінде журналистер арасында байқау жариялаған болатын.

Бүгін бірқатар номинациялар бойынша жеңіске жеткендер белгілі болды. Марапатталғандардың арасында біздің медиахолдингтің тілшілері де бар.

Құтқарушылар күніне арналған салтанатты марапаттау жиынында қаз- қатар тізілген сапта Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар ғана емес, журналистер, редакторлар мен операторлар да бар. БАҚ өкілдері байқаудың жеңімпаздары атанды.
Мадияр ЖАҚСЫБАЕВ, Шымкент қалалық ТЖД бастығының орынбасары: «Шымкент қаласындағы журналистер мен БАҚ өкілдері арасында байқау жарияланған еді. Үлкен рахмет сіздерге төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметі жайлы репортаждарыңызда, мақаларыңызда көрсетіп, халықты ақпараттандырғандарыңыз үшін. Неғұрлым адамдар төтенше жағдайлар барысындағы іс-қимылдар жайлы көп білсе, тұрмыста, кшеде, жұмыста мұқият болады».

«Отырар» телеарнасындағы «Настоящая работа» -«Нағыз жұмыс» бағдарламасының жүргізушісі Алиса Бойко материалдарды дайындау барысында өртпен күнделікті күресетін төтеншеліктердің жұмысымен етене таныс.

Тілсіз жау – отты ауыздықтауда өрт сөндірушілердің іс-қимылы, айналаң өртке оралғанда қорқынышты жеңе білу, жалпы олардың қызметінің қыр-сырын 20 минуттық репортажда баяндаған тілші Алиса Бойко  «Телебағдарлама» номинациясында үздік атанды. «Жылдың басынан «Отырар» телеарнасының эфирінен «Настоящая работа» «Нағыз жұмыс» бағдарламасында түрлі маман иелерінің жұмысымен көрермендерді таныстырдық. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің Тоғыстағы құтқарушылардың жұмысы жайлы толықметражды репортаж түсірген едік. Жұмысқа баға берілгені үшін рахмет. Сала мамандарын кәсіби меркелерімен құттықтап, атқарып жатқан жұмыстарына алғысымыз шексіз» дейді тілші.

Ал жастар редакциясының тілшісі Елена Карпенконың қызметке жақында орналасқан жас өрт сөндірушілер жайлы дайындаған репортажы «Прорыв молодых»-«Жастар серпілісі» номинациясында жеңімпаз болды. «Бүгін барлық құтқарушыларды, сала қызметкерлерін 25 жылдық мерейтоймен құттықтап, бақыт, қажымас қайрат, мықты денсаулық тілеймін. Осы кәсіпті таңдаған құтқарушыларға рахмен айтамын» дейді тілші.

Арнамыздың тағы бір тілшісі Шакир Умаров өрт сөндірушілер, құтқарушылармен және де сүңгуірлермен тәулік бойы байланыста. «Шұғыл шақырылым» бағдарламасының тілшісі құтқару тобы мамандарының ерлігіне үнемі таң қалады.
Шакир УМАРОВ, «Кәсіби шұғыл  әрекеті» номинациясының жеңімпазы: «Өртпен күресте алдыңғы шепте адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, алғаш болып көмек қолын созған құтқарушылар әрекеттерінің жиі куәгерімін. Кейбір жағдайларда тәуекелге барады. Олар ер жүрек адамдар».

Құтқарушылар күніне орай өткізілген салтанатты шарада Төтенше жағдайлар министрлігі мен төтенше жағдайлар департаментінің грамоталары, Алғыс хаттары 38 құтқарушы мен өрт сөндірушіге табыс етілді.

Үсен Рахматуллаев, құтқарушы: «Қызмет еткеніме 6 жыл болды. Біздің жұмысымызды біреулер түсінбейді. Жұмысмыз ауыр, төтенше жағдайлар әр түрлі болады ғой. Біздің міндетіміз адамдарды құтқарып, шығынның көлемін азайту».

Айта кетейік, Қазақстанның азаматтық қорғаныс органдарына – биыл 25 жыл. Осы ширек ғасырда төтенше жағдай кезінде қауіпті аймақтардан қаншама адамдар құтқарылды.

Шынар Оразова