Түркістан қаласында жалпы көлемі 156,432 м2 құрайтын 630 орындықты көпсалалы облыстық аурухананың қабырғасы қалануда.
⠀
Жоба бойынша амбулаторияда 44 жедел жәрдем бөлімі жұмыс жасамақ. Сонымен қатар, ғимаратта жүрек-қан тамырлары реанимациясы, Коронарлық реанимация, IDDIN және күйікті емдеу бөлімдері болады. Жаңа ауруханада одан өзге 16 ота жасау бөлмесі, 13 жоспарлы және 3 жедел медициналық көмек көрсету бөлімдері, 34 жалпы дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды.
⠀
Аурухананың бой көтеруі жаңа жұмыс онының ашылып, жұмыссыздар санын азайтуға да сеп береді. Мәселен, мұнда 1500-ге жуық маман жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Қазірде іргетасы құйылып жатқан нысанның құрылысын 2022 жылы аяқтау жоспарланған.
⠀