Шымкент қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жұмабек Ержанов карантин шараларын бұлжытпай орындау қажеттігін ескертеді.
Коронавирус індетіне қатысты шаһарда эпидемиологиялық жағдай тұрақты, Шымкент жасыл аймақта. Алайда, босаңсуға болмайды деген сала мамандары шымкенттіктерді санитарлық талаптарды сақтауға шақырады: «Ертең,1-ші желтоқсанда-мереке күні қаладағы базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары жұмысын тоқтатуы тиіс. Талапты бұзғандарға қатысты шара көрілетінін ескертеміз. Ал қоғамдық көлікке келетін болсақ, бағыттағы автобустар кестеге сәйкес қатынайды».
Шынар Оразова