АХАТ бөлімі жаңа қонысқа көшті

257

Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты АХАТ бөлімі жаңа қонысқа көшті.

Яғни, «Нұрсәт» шағынауданы Бәйтереков көшесі №89 үйде қызмет көрсетіп келген аталған бөлім ендігі кезекте «Нұрсәт шағынауданы» №46 «А» үйде жұмысын жалғастырады.

Айта кетейік, тиісті басқармаға қарасты бөлім тууды мемлекеттік тіркеу, әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, неке қиюды (ерлі-зайыпты) мемлекеттік тіркеу, неке бұзуды (ерлі-зайыпты) мемлекеттік тіркеу, бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту және қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу қызметтерін жүзеге асырады.

Сондай-ақ, қалпына келтіру, қайталама берілген куәліктер және акт жазбаларын жою жұмыстарын атқарады.