Кілем тоқу өнерін жетік меңгерген

715

 

Қуанышбай Кәусар Ғабитқызы – 7 сынып оқушысы. Кәусар сабақтан тыс уақытта Төлеби аудандық оқушылар үйінің «кілем тоқу» үйірмесіне қатысады. Оның қолөнермен айналысып жүргеніне 4 жылдан асқан. Өнердегі ұстазы Туймелиева Нуриланың айтуынша, Кәусар сабаққа өте мұқият, үйірмеден қалмайды, берілген тапсырманы қатесіз орындауға тырысады.

Осы 4 жыл ішінде, кілем тақтасымен бірнеше жұмыстарды аяқтаған. Атап айтатын болсақ, «Қос балапан», «Күшік», «Пингвин», «Гүл», «Ақ қозы», «Басхұрлар», «Мешіт», «Жүрекше» және тағы басқалар. Осы жылдар аралығында облысаралық, ауданаралық бірнеше көрмелерге қатысты. «Дәстүрлі қол өнерді қолдайық!» атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық қолөнер – балалар мұрасы» республикалық интернет-байқауының I дәрежелі жүлдегері атанды.

«Мен үйірменің үйретері көп – дей отырып, әр сабағымда көне қол өнеріміз кілем тоқу өнерін осы сөздермен қызықтырып және ынталандырып отырамын. Кілем тоқысаң өнер, сыйлық, жамылсаң көрпең, сатсаң малың, ілсең сән-салтанатың»,- дейді ұстазы.

QAINAR KÓZТөлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі