Түркістан облысы мен Шымкентте демалыс күндері ауа райы бұзылады. Ертең облыстың таулы аудандарында күндіз және түнде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Түнде күн райы -3 градусқа дейін төмендейді дейді ауа райын болжаушылар.
Ал Шымкентте ертең күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, оңтүстіктен батысқа қарай жел соғады. Желдің күші тіпті секундына 15-25 метрге дейін барады деп болжанып отыр. Облыста да қалада да демалыс күндері тұман болады дейді синоптиктер.
Мақпал РЫСБАЕВА