Өрт кезінде 9 адам қауіпсіз жерге шығарылды

84

 

Шымкентте төтенше жағдай департаментіне көпқабатты үйден шыққан өрт туралы хабарлама 23 қараша түнгі сағат 21:48-де келіп түсті. Оқиға орнына алғаш келіп жеткен өрт сөндіру бөлімдері Республика даңғылы бойында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтердің ішінде үй заттары мен балконы өртке оранғанын анықтады.

21 шаршы метрді шарпыған өрттің жалыны 5-қабаттағы пәтердің балконына өтіп кеткен. Құтқарушылар тілсіз жауды өртті сағат 22:04-те оқшаулап, 22:12-де толығымен сөндірді. 9 тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге Шымкент қалалық төтенше жағдай департаментінің жеке құрамынан 23 адам және 6 техника, апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы