«Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышымен таныстырды

265

 

Ағымдағы жылдың 27 қарашасы күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ғимаратында «Ашық есік» күні өтті.

Аталған шараға жоғарғы оку орындарының студенттері мен қызығушылық таңытқан қала тұрғындары қатысты.

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Департамент өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ете отырып, халықпен арадағы қарым-қатынасты нығайту мен сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мақсатында мекеменің барлық қызметшілері «open space» (ашық кеңістік) форматында жабдықталғандығын көрсетті.

Шара барысында студент жастар мамлекеттік қызметке орналасудың тәртібімен танысып, заңнама мен жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу залына көз шолды.

Тұрғындар электрондық түрде көрсетілетін қызметтер жөнінде ақпарат алды. Келгендердің басым көпшілігі тұрғын-үй мәселесіне қатысты қызмет түрлеріне қызығушылық таңытты. Бұл ретте, мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы М.Әлиев департаментте ашылған «өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышымен таныстырып, келушілердің біріне көрнекі түрде ЭЦҚ алу жолын көрсетті.

Іс-шараны қорытындылай келе, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары мен көрсетіліп отырған мемлекеттік қызметтердің мерзімдерінің бұзылу фактілері, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің тарапынан этика нормаларын сақтамауы бойынша тұрғындар кез келген уақытта Департаментке жүгінуге болатындығы түсіндірілді.