«Қазақстандықтардың 20 пайызы ғана баспанамен қамтылған»

98

«Қазақстандықтардың 20 пайызы ғана баспанамен қамтылған». Осыдан екі жыл бұрынғы көрсеткішті тағы бір еске салған Парламент сенатының депутаты бүгін отандық санаққа күмән келтірді. Сөзінше, көрші ел мен республикалық үй беру көрсеткіші бірдей, бірақ, баспанамен қамтылғандар саны әр түрлі.

Андрей ЛУКИН, ҚР Парламент Сенатының депутаты: «Аталған ақпараттың шынайылығы күмән келтіреді. Неліктен көрші елдермен үй беру көрсеткішіміз бірдей бола тұра, баспаналы тұрғындар саны бізде әлдеқайда көп. Еске салайын, 2017 жылы енгізілген «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына 873 млрд. теңге бөлінген болатын. Бүгінде оның 476 млрд. теңгесі игеріліп қойған».

Өткен жылдың көрсеткіші бойынша Қазақстанда жарты миллион азамат үй кезегінде тұрған еді. Баспаналы болғысы кеп жүргендердің басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында тұратындар екен.

                                                                                                 Назерке Үкібасова