ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

Шымкент қаласының аумағында карантиндік, шектеу шараларын ұзарту
туралы

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №57 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №57), «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №58 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №58), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №59 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №59), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №59 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 27 казандағы №61 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №61), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 02 қарашадағы №62 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСДҚ №62), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының тіркелуінің жалғасуына байланысты, вирусты пневмония ауруының өсуіне орай және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 09 қараша сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 23 қараша сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.
2. Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына:
2.1. адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген ісшараларды өткізуге тыйым салынсын (еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);
2.2. 65 жастан асқан адамдардың қалада жүруі шектелсін;

2.3. қалада жүріп-тұру кезінде маскаларды кию бойынша талаптарды сақтау және адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталсын;
2.4. үйлердің аулаларына және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне рұқсат етілсін;
2.5. жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына баруға 3 адамнан аспайтын топтарға рұқсат етілсін;
2.6. қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын объектілерге барғанда, соның ішінде қоғамдық көліктерге кірген кезде маскаларды кию және қоғамдық орындарға барғаннан кейін антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталсын.
3. Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға және кәсіпкерлік субъектілеріне Шымкент қаласында карантин кезеңінде келесі шараларды қамтамасыз етуді:
3.1. жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, кеңсе қызметкерлерінің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіруін (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда);

3.2. сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар өткізуін;
3.3 ХҚКО жұмысын ұйымдастыру (оның ішінде арнайы ХҚКО) алдын ала Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBot 2.0 кезек брондау арқылы жүргізуді, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстарын тоқтатуын;
3.4. «Қазпочта» АҚ-ның, Call орталықтарының жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстарын тоқтатуын;

3.5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (қабырғалары, терезелері/витраждары бар үй-жайлар, ғимараттар, құрылыстар) қызметін тоқтатып, сыйымдылығы 30% аспайтын және 1 келушіге 4 шаршы метрді сақтаумен азық-түлік базарларымен, жәрмеңкелердің, азық-түлік емес базарлардың (мамандандырылған, киім-кешек, мал және автокөлік базарлары) қызметі сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін шектелуін. Жәрмеңкелердің жұмысын күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып ұйымдастыру, оның ішінде дезинфекциялық тоннельдерді және санитайзерлерді орнатуын қамтамасыз етуін;
3.6. орналасқан орнына қарамастан барлық азық-түлік гипермаркеттерінің, супермаркеттерінің, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендерінің жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс уақыты шектелсін;

3.7. көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану нысандарының және 50 орынға дейін арналған үстелдер орналастырылған үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының (кафе, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофейнялар және кулинариялар), сонымен қатар сауда-ойын-сауық кешендерінің (жеке ғимараттардағы) жұмысы күнділікті, демалыс және мереке күндері сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін шектелсін. Салтанатты, мерей тойлық жиын іс шараларды өткізуге (банкет, той, еске алу, туылған күн, мерей той, шығарып салу, құдалық, беташар және басқа), фудкордтардың, банкеттердің өткізілуіне және кальянды пайдалануға тыйым салынсын;

3.8. ауыл-шаруашылық, далалық жұмыстар, құрылыс жұмыстарының және үздіксіз өндірістік циклмен жұмыс жасайтын құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындарының, мал және құс шаруашылықтар жұмысын қалыпты режимде ұйымдастыруын;
3.9. коммуналдық, теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметтерін көрсету, адвокаттар, нотариустердің сонымен қатар адвокаттық және нотариустық кеңселердің жұмыстарын қалыпты режимде ұйымдастыруын;
3.10. АЖБ (автожанармай бекеті), АЖБ жанындағы дүкендердің, ТҚО, шиномонтаждың, автожуу орындарының жұмыстарын қалыпты режимде ұйымдастыруын;
3.11. белгілі бір топтардың (ауысымдық жұмысшылар, медицина қызметкерлері, спортшылар) орналастыруға келісім шарты бар объектілерді қоспағанда, туризм мен халыққа жатын орындарды ұсынатын қызметтердің саласындағы нысандардың қызметі (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және басқалар) қонақтардың (клиенттердің) саны жобалық қуаттылығынан 80% дан аспаған жағдайда, сонымен қатар нысанда тұрғандарға қызмет көрсететін (тамақтану, кір жуу, үтіктеу және басқалар) жұмыстарын қалыпты режимде ұйымдастыруын;

3.12. көрермендердің қатысуынсыз, бір мезгілде 100 адамнан асырмай жинақтай отырып, ҚР БМСДҚ №57 қаулысының талаптарын және сәйкес тиісті аумақтық бас санитариялық дәрігерінің келісімі бойынша күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге рұқсат беруін. Көрмелер, ойын-сауық, спорттық, отбасылық, салтанатты, естелік іс шараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды адамдардың көп жиналу орындарында, оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс шараларды өткізуге тыйым салуын;

3.13.спорттық жаттығуды Ұлттық құрамадағы, қаланың құрама командалық, клубтық командалық (30 адамнан аспайтын, қатынассыз термометрия, спорттық базада тұру), жеке және топтық жаттығуларды спорт түріне қарай бір келушіге 5 шаршы метрге дейін, ашық аспанда көрермендерсіз спорттық ойындарды өткізуге рұқсат етуін;
3.14.балалар коррекциялық-түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын, алдын ала жазылу бойынша, ҚР БМСДҚ №57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда қалыпты режимде рұқсат етуін;

3.15. кезекші топтарын (топта 15 адамнан аспайтын) қоспағанда балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының және сауықтыру лагерлерінің жұмысын тоқтатуын;
3.16. жеткізу және шығару режимінде қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысын қоспағанда, 50-ден астам отыратын орны бар қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне тыйым салуын;
3.17. аквасаяжайларының, жағажайлардың жұмыс істеуіне тыйым салуын;
3.18. СПА-орталықтары, әсемдік салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтары мен салондардың (алдын ала жазылу бойынша бір келушіге 4 шаршы метр) жұмыс уақытын 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмысын шектеуді ұйымдастыруын;

3.19. қоғамдық моншалардың және сауналардың сыйымдылығы 50% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метр, жұмыс уақытын 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмысын шектеуді ұйымдастыруын;
3.20.саяжайлардың, скверлердің, жағалаулардың жұмысын қалыпты режимде жүргізуін;
3.21. аттракциондардың жұмысы тоқтатылсын, ашық алаңда орналасқан аттракциондардың жұмысын қоспағанда қалыпты режимде рұқсат етілуін;
3.22.мәдениет объектілерінің (жеке және топтық репетицияларға 30 адамнан аспайтын қатысушылар), театрлар (сыйымдылығы 50% адамнан аспайтын, бірақ 100 адамнан артық емес, «InfoKazakhstan.kz», порталда тіркелумен, бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық және ҚР БМСДҚ №57 талаптары сақталған жағдайда) кітапханалардың, мұражайлардың жұмысын қалыпты режимде рұқсат етуін;
3.23.діни объектілерде (мешіт, шіркеу, соборлар, синагог және т.б.) ҚР БМСДҚ №57 қаулысының талаптарын сақтаумен, санитариялық-дезинфекциялық режимі күшейтілген залды 30%-ға дейін толтыруын, бірақ 100 адамнан асырмай, жұма намазын қоспағанда, мешіттерде намаз (бес уақыт намаз) ұжымдық құдайға құлшылық ету жұмысын қалыпты режимде жүргізуіне рұқсат беруін;

3.24. қалыпты режиміндегі жеткізу және шығару нысандарының жұмысын қоспағанда, дүңгіршектердің, оның ішінде піскен тағамдарды, фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын нүктелердің жұмысы 09:00-ден 23:00-ге дейін ұйымдастыруын;

3.25.сауда-ойын орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктер), сауда желілерінің сыйымдылығы 30% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрді сақтаумен сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмысын шектеп ұйымдастыруын, сауда-ойын орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктер) жұмысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстарын тоқтатуын;
3.26.цирк, көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, балалардың ойын алаңдары және жабық бөлмелердегі атракциондар, батуттар мен басқалар), букмекерлік конторлар, кинотеатрлар (ашық алаңдағы орласқан кинотеатрларды қоспағанда), сауда-ойын-сауық кешендеріндегі, орталықтардағы, сауда үйлеріндегі мұз алаңдары, батут және фудкорттардың жұмысына тыйым салуын. Ашық алаңдағы кинотеатрлардың жұмысы бетперде кию режимі, әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда жұмысын қалыпты режимде рұқсат етуін.

3.27.облысаралық және қалааралық автобус пен шағын автобустардың жүруіне тиым салуын;
3.28.медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарда, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауын. Әлеуетті ата-аналар теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етілуін;

3.29.медициналық ұйымдарда, дәріханаларда, процедуралық бөлмелерде, медициналық орталықтарда (жазылу арқылы) аймақтандыру мен күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимін ҚР БМСДҚ №57 қаулысының талаптарын сақтаумен, жұмыстарын қалыпты режимде ұйымдастыруын;

3.30.денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуын;
3.31. Қазақстан Республикасының Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және даму агенттігінің актілеріне сәйкес қаржы нарығындағы субъектілерге жұмыс уақытын шектеуді ұйымдастыруын;

3.32. гүл сататын нысандардың қызметіне қалыпты режимде рұқсат етуін;
3.33. 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап ата-аналардың өтініші бойынша сыныптардың жинақталуын 15 баладан асырмай сақтаумен, контингенті 5-тен 300 оқушыға дейінгі мектептерде, кезекші сыныптарда 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін қалыпты режимде оқытуға рұқсат беруін;
3.34. спорттық объектілердің (фитнес-орталықтардың, тренажер залдардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, жабық және жартылай жабық спорттық құрылымдардың) бір келушіге 5 шаршы метрге дейін, сыйымдылығы 50% аспайтын, бір адамға су бетінің 5 шаршы метр есебімен жеке форматта, алдын ала жазылу бойынша бассейндердің қызметі 09:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс, демалыс және мереке күндері жұмысын ұйымдастырылуын;

3.35. ҚР БМСДҚ бекіткен алгоритмдерге сай кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз өткізуге рұқсат етуін (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);
3.36. ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы типтегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметін қалыпты жағдайда ұйымдастыруын;

3.37. осы қаулыда көрсетілмеген нысандардың жұмыс уақыты 09:00-ден 18:00-ге дейін шектеумен жұмыс және демалыс, мереке күндері жұмысын ұйымдастыруын.
4. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандарының әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына, денсаулық сақтау субъектілеріне және меншік нысанына қарамастан жеке кәсіпкер субъектілеріне:

4.1. жұмыс, демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін. Бетперделердің киілуі, толтырылуы отыратын орын санынан аспауы қадағалансын.

4.2. адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмау мақсатында көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) желіге барынша шығуын, қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылсын;
4.3. қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, аулалардағы балалар алаңдарын, басқа қоғамдық орындарын, адамдар көп жиналатын жерлерді қоса алғанда, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып заласыздандырылсын, карантин аяқталғанға дейін заласыздандыру жұмыстары күн сайын жүргізілсін;
4.4. Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алаптарының, көп қабатты тұрғын үйлердің, ұйымдардың аумағында және қоқысқа арналған алаңшалары жоспарлы түрде үнемі тазартылсын. Күнделікті тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар шығарылсын және қоқысқа арналған контейнерлерді тазартып, дезинфекциялау мен жуу жүргізілсін;

4.5. инфекциялық стационарлардың аумағын күнделікті дезинфекциялау құралдарын қолданып залалсыздандыру ісшараларын жүргізу қамтамасыз етілсін.
5. Меншік нысанына қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына және жеке кәсіпкерлерге карантин аяқталғанға дейін:

5.1. бетпердені, қолғаптарды кию (халыққа қызмет көрсету кезінде) және антисептиктерді пайдалану талаптарын қатаң сақталсын. Халыққа қызмет көрсететін нысандарда қызметкерлер қосымша бір реттік қолғаптармен, оларды уақтылы ауыстыруы және температура өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілсін;
5.2. қызметін жүзеге асыратын барлық нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим қамтамасыз етілсін (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, дезкілемшелерді төсеу, ғимараттың ішін залалсыздандыру құралдарын қолданумен күніне кемінде екі рет ылғалды жинау, желдету);

5.3. персонал мен келушілердің санитариялық-карантиндік және шектеу шараларын сақтауын қатаң қадағалаумен қамтамасыз етілсін;
5.4. атқаратын қызметті ҚР БМСДҚ бекіткен алгоритмдерге сәйкес жүргізілсін;
5.5. барлық нысандарда, оның ішінде қоғамдық көлікте, таксиде санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық ісшараларды жүргізу қамтамасыз етілсін;
5.6. қоғамдық көліктерде, таксилерде, өндірістік аймақтарда, азық-түлік және азық-түлік емес базарларда және басқа да қоғамдық орындарда санитариялық-дезинфекциялық өңдеуді қамтамасыз етілсін.

6. Шымкент қаласының аудан әкімдері, Шымкент қаласының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына:
6.1. өз жұмысын қайта бастаған нысандарда санитариялық-дезинфекциялық ісшараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізілуі қамтамасыз етілсін;

6.2. карантин кезеңінде белгіленген шектеу ісшараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысандардың қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.
7. Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Шымкент қаласының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Шымкент қаласы полиция департаменті, Шымкент қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы, кәсіпкерлік субъектілері және жеке тұлғалар қамтамасыз етсін:

7.1. «InfoKazakhstan.kz» сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік Актісінің негізінде нысандардың қызметі қайта басталсын;
7.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін нысанның кіреберісінде санитариялық нормаларға сәйкестік Актісі көрнекті жерге орнатылсын;
7.3. шектеу ісшараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін «InfoKazakhstan.kz» сайтында жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етілсін;

7.4. бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін «InfoKazakhstan. кz» сайты пайдалансын;
7.5. шектеу ісшараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін «InfoKazakhstan.kz» сайтына орналастырылсын;
7.6. кәсіпкерлік субъектілер «InfoKazakhstan.kz» сайтындағы нысанның паспортына келушілердің үй-жайларды жоспарлы толтыруы туралы мәліметтерді енгізу (шектеу ісшараларын, оның ішінде ҚР БМСДҚ қосымшаларында айқындалған карантинді енгізу кезеңіндегі нысандардың қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);

7.7. нысандар белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес нысандардың қызметін қайта бастауға арналған Акті «InfoKazakhstan.kz» электрондық портал арқылы электронды түрде берілсін;
7.8. жұмысын тоқтатқан нысандармен коронавирустық инфекциясын алдын алу мақсатында олардың жұмысын қайта бастау, санитариялық-дезинфекциялық ісшараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақтауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
8. Күші жойылды деп танылсын:
8.1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 25.09.2020 жылғы №39 қаулысы;
8.2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 09.10.2020 жылғы №40 қаулысы.
8.3. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 24.10.2020 жылғы №41 қаулысы.
9. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.

10. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.

11. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
12. Осы қаулы 2020 жылғы 09 қараша сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

А.Тулебаев,

Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері