Төлеби ауданы 100 пайыз газбен қамтылады

242

Бүгінде Төлеби ауданындағы 55 елді мекеннің 48-і толық табиғи газбен қамтылған. Қалған жеті елді мекен: Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Қасқасу, Жоғары Қасқасу, Керегетас, Кенесарық елді мекендерінің және Ленгір қаласының Күмістөбе, Кенші көшелерінің, Достық елді мекені Астана көшесінің, Киелітас елді мекенінің Қарауылтөбе және Қорған көшесінің, Қарақия елді мекені Қарақия көшесінің тұрғындары көгілдір отынның игілігін көретін кезі алыс емес.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жасауға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы газ құбырын тарту жұмыстары басталмақ. Нәтижесінде аудан тұрғындары толығымен көгілдір отынмен қамтылады.

 

QAINAR KÓZ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі